Бітімгершілік

Соғысты тоқтатуға немесе оның қаупін болдырмауға бағытталған қоғамдық қызмет (келіссөз жүргізу, арбитраж, саяси және экономикалық санкциялар жариялау, кей жағдайда күштік құрылымдарды қолдану).  




Адамзат тарихында үшінші тараптың араласуымен мемлекеттер мен бір мемлекет ішіндегі күштердің қақтығысы тыйылған жағдайлар көп болды. Бітімгершілік саласындағы маңызды қадам — 1919 жылы Ұлттар лигасының құрылуы. Бұл ұйым содан бері дүниежүзіндегі 40-тан астам саяси жанжалды шеше алды. Екінші дүниежүзілік соғысты ғана тоқтата алмады. Осы соғыстан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның Қауіпсіздік кеңесі мен Бітімгершілік күштері құрылды.


БҰҰ Бітімгершілік күштері бүгінге дейін 70-тен астам операция жүргізді. 1992—1995 жылдары бұрынғы Югославия аумағында миссиясын орындап, Хорватия, Солтүстік Македония мен Босния және Герцеговинада бейбітшілік орнауына септігін тигізді.


Зерттеулер бітімгершіліктің арқасында бейбіт тұрғындар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші азаятынын көрсетіп отыр. Скептиктер бітімгершілік операцияларына күмәнмен қарайды, олардың пікірінше, мұндай миссия державалардың соғысқа араласу ниетін бүркемелейді.


02/11/2020 14:34 5113 0

02/11/2020
14:34 5113 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление