Синофобия

Латын тілінен sinae Қытай, «фобия» грек тілінен қорқу, үрей деп аударылады. 


Синофобия — Қытай, оның тілі мен мәдениетіне деген негатив көзқарас, осы елдің азаматтарын жақтырмау, суқаны сүймеу.




Оған Қытай билігіне деген наразылық, тарихи факторлар (Қытай кезінде көрші жатқан елдерді колонияға айналдырған еді), расизм және ксенофобия, АҚШ-пен экономика мен ақпарат кеңістігіндегі соғыс себеп болып отыр. 


Сovid-19 вирусы Қытайдан тараған соң бұл құбылыс одан сайын етек жайды. Мысалы, 2021 жылы АҚШ-та азиялықтар, оның ішінде Қытайдан келген иммигранттарға қарсы зорлық-зомбылық күшейді. Кейін бұл Stop Asian Hate акциясына түрткі болды. 


Синофобия әдетте Қытаймен шектес немесе қарым-қатынасы нашар елдерде көп байқалады. Қазақстан үкіметі Бейжіңмен жақсы араласса да, көптеген азаматы бұл елді жақтырмайды. Қытай билігі Шыңжаң мұсылмандарын лагерьде қамауда ұстап отырғасын бұл тендеция одан сайын күшейді.


08/07/2021 12:15 3618 0

08/07/2021
12:15 3618 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление