Мәслихат

Әр облыс немесе қаладағы шағын парламент. Халық мүддесін, қалауын қорғауға міндетті мемлекеттік орган.  




Саяси партияға өкіл, жасы 20-дан асқан Қазақстан азаматы мәслихат депутаты бола алады. Бұрын өзін-өзі ұсынушылар да сайлана алатын еді, алайда 2018 жылы заң қабылданып, дауыс беру тек партия тізімі бойынша өтетін болды. Бұл азаматтардың нақты бір адамға дауыс бере алмайтынын, партияны ғана таңдайтынын білдіреді. Ал партия депутаттар тізімін өзі жасақтайды.


Мәслихат депутатының өкілет мерзімі бес жыл. Мәслихаттағы жұмысы үшін еңбекақы алмайды. Мәслихат сессиясы (мәжіліс, отырыс) күнде өтпейді. 


Мәслихат бюджетті бекітеді және бақылайды, аймақтың даму бағдарламаларын қарастырады, бақылау комиссиясын құрады, бас жоспар мен құрылыс жоспарларын бекітеді, өз аймағынан сенаторларды таңдайды. 


Адамдар пен әкімдік арасында дәнекер болу,  халықтың мәселесі мен сұрақтарын шешуге көмектеу мәслихат депутаттарының міндетіне кіреді. Өмірде біз өз депутаттарымызды мүлдем танымайтын жағдайлар жиі кездеседі, себебі бұл сайлау мәжіліс сайлауымен қатар өтеді. Сонымен қатар депутаттар өз қаласының немесе ауданының сайлаушыларымен/ тұрғындарымен кездесу өткізуге міндетті емес.


 


29/07/2020 12:08 4395 0

29/07/2020
12:08 4395 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление