Думскроллинг (doom — «өлім, тағдыр, ақырзаман» ал scrolling — «айналдыру») — көру, жағымсыз жаңалықтарды оқу, көңіл күйіңді түсірсе де көру.
Думскроллинг болып жатқан оқиғаларды бақылауда ұстағандай әсер беретін жалған кейіп танытады. Адам лентаны қарап шығуды — азаматтық парызым деп қарауы мүмкін, ал болып жатқан оқиғаларды білмеуді — артта қалғандық деп бағалайды.
Бұл термин коронавирус пандемиясының бастапқы кезеңінде жиі пайдаланылған. Украинадағы соғысқа байланысты ол қайтадан өзекті болып отыр. Скроллингтің негізгі белгісі — маңызды жаңалықтарды өткізіп аламын деп қорқу. Біздің миымыз не болып жатқанын және оның бізге қалай әсер ететінін білгісі келеді. Біз өз өзімізді болуы мүмкін қауіптерге алдын ала дайындағандай боламыз.
Бақылауда ұстаудың иллюзиясы шын мәнінде ешқандай басымдық бермейді. Жаңалықтар лентасын үздіксіз қарау, стреске, күйзеліске алып келеді. Думскроллингтің салдарына концентрацияның төмендеуі, жұмысқа деген құлшыныстың жоғалуы жатады. Думскроллинг ұйықының бұзылуына жүйке жүйесінің бұзылуына алып келуі мүмкін.
Жаңалықтар лентасының алгоритмі бізге не көрсек соны көбірек ұсынады. Жағымсыз жаңалықтарды көп көрсеңіз, соны көбірек ұсынады. Жағымсыз жаңалықтарды көп оқыған сайын адам соған тәуелді болады және бара-бара өзінің ойларын сырып тастап, өзіндік сезімінен айырылуы мүмкін.
Нет комментариев.