Гринуошиң

Ол green — «жасыл, экология», whitewashing — «абыройды дақтан тазарту» сөздерінен біріккен. 




Кәсіпорындардың кейбірі сауда көлемін арттырып, репутациясын жақсарту үшін сататын тауары мен қызметін экология бағытына арналған етіп көрсетуі мүмкін. Өнімдерін «зиянсыз» немесе «адам денсаулығы мен қоршаған ортаға пайдалы» етіп ұсынуы мүмкін.


Шын мәнінде бұл тұтас немесе ішінара өтіріктен тұратын саясат болуы ғажап емес. Кейде «эко», «био», «фермерлер өндірген», «табиғи», «органика» деген штамппен ұсынылған өнімдердің нарықтағы басқа тауарлардан еш айырмашылығы болмай жатады, бағасы мен қаптамасының дизайнын айтпағанда. 


Бұл саясатқа мыналар жатады:


— үнемі жасыл түсті қолдану;


— табиғатқа жанашырлық туралы ұрандату;


— өсімдіктер мен жануарлар бейнеленген суреттерді қолдану;


— еш жерде бекітілмеген таңбаламалар логотипін жапсыру;


— өнім құрамында әлдеқандай зиянды заттар жоқ екенін жазып қою — ондай заттарды қолдануға онсыз да тыйым салынған болуы немесе олар тағам құрамына онсыз да қосылмауы мүмкін;


— өнімнің немесе оның қаптамасының құрамы туралы ақпаратты жарияламау.


14/10/2020 12:33 4296 0

14/10/2020
12:33 4296 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление