Грек тілінен аударғанда «халық билігі» дегенді білдіреді. Қоғамның барлық мүшесінің сөзін елеуге тырысатын саяси жүйе.
Демократияның негізгі мақсаты — адам құқығы мен бостандығын қорғау. Азаматтар елдегі жағдайға тікелей немесе өзі сайлаған депутаттар арқылы әсер ете алады.
Демократияның басқа жүйелерден айырмашылығы:
– Халық — билік көзі. Адамдар елдің заң шығарушы органы (парламент) мен ел басшысын (президент) сайлайды.
– Таңдау еркіндігі. Азаматтар шешімдерін өздері қабылдайды, ешқандай қысым көрсетілмейді.
– Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары. Олар халыққа бейтарап, әр түрлі ой айтылған ақпарат береді.
– Плюрализм — пікір алуандығы. Ешқандай саяси идеология міндетті бола алмайды.
– Партиялардың көп болуы. Үнемі ауысатын билеуші партиясы мен қудаланбайтын оппозициялық партиясы бар.
– Адам құқығын құрметтеу. Барлығының, тіпті азаматтығы жоқ адамдардың негізгі құқық пен бостандығы болуы тиіс. Мемлекеттің басты құндылығы — адам.
– Халықтың пікірін ескеру. Маңызды саяси шешімдер көпшіліктің қалауымен қабылдануы тиіс. Бірақ азшылықтың да ойы еленуі керек.
Маңызды: демокартия саяси көзқарас деген сөз емес, ол кез келген режимде бола алады.
Нет комментариев.