Валюталық интервенция

Орталық Банк шет ел валютасын қысқа мерзімге көп көлемде сатып немесе сатып алып, ұлттық валютаны әлсіретеді немесе күшейтеді. Интервенция ұлттық валютаны қолдау үшін мемлекеттік мүддеге қарай жүзеге асыралады.


Интервенция жасау арқылы Ұлттық Банк: 


– Iшкі нарықтағы шет ел валютасын көптеп сатып алады. Сол арқылы ұлттық валюта бағамының өсіп кетуіне жол бермейді. Осы арқылы айналымда ақша массасы көбейеді. 


– Қордағы валютаны сатады. Сол арқылы ұлттық валютаның құнсызданудан, девальвациядан сақтайды. Бұл кезде айналымдағы ақша массасы азаяды. 


Қарапайым тілмен айтқанда: ішкі нарықтағы валютаны жаппай сатып алғанда құнсызданады, ал сатқанда керсінше, құны артады. 


Қазақстанда Ұлттық Банк наурызда 990 миллион долларға интервенция жасады. Бұл биржадағы сауданың 29 % құрайды. Ақпан айында ол 273,7 миллион долларды құраған. Бұл Ресейге салынған санкциялардың теңгеге әсерінен болған. 


Интервенцияның плюстері: 


1. Ұлттық валютаны құнсызданудан, девальвациядан сақтайды.


2. Валюта бағамын тұрақтандырады. 


3. Инвесторларға акциялар және өзге активтерден пайда табуға көмектеседі. 


4. Мемлекеттің валюта қоры елді әртүрлі дағдарыстардан қорғауға кепілдік болады. «Голланд ауруы»  — ұлттық валюта бағамының нығаюы өндіруші сектордың өсуіне байланысты экономикаға теріс әсер етеді.



Интервенцияның минустары: 


1. Сатып алу балансы мен бәсекелестікті ұстап қалу үшін валюта бағамымен ойнау (манипуляция жасау). 


2. Тұрақтылықты сақтап қалмаса валюталық интервенция Ұлттық Банкке деген сенімді жоғалтуы мүмкін. 


3. Дамушы елдердің 30 % интервенцияны болашаққа қажетті қор жинау үшін (Халықаралық валюта қорына тәуелді болмау үшін) жасайды.  


 


04/04/2022 17:35 3131 0

04/04/2022
17:35 3131 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление