Конституциялық кеңес

Конституцияның орындалуын қадағалайтын орган. Ол биліктің ешбір тармағына жатпайды. 




Басты міндеттері:



  • Президент сайлауын; парламент депутаттары сайлауын; республикалық референдумды өткізу дұрыстығын тексереді; 

  • Президент қол қоярдан бұрын парламент қабылдаған заңның дұрыстығын, парламент қол қоярдан бұрын халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігін тексереді;

  • Конститиуциядағы баптарға түсініктеме береді.


Төрағасын қосқанда жеті мүшеден тұрады. Қазақстанның бұрынғы президенттері ғұмыр бойы кеңестің мүшелері бола алады. Олардың өкілет мерзімі — алты жыл. Қазіргі төрағасы — Қайрат Мәми. 


Кеңестің көмегіне президент, премьер-министр, Сенат пен Мәжіліс төрағалары, парламент депутаттарының кем дегенде бестен бірі мен сот жүгіне алады. 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев оның мүшелеріне «Республиканың шетелдегі органдары мен халықаралық ұйымдардағы жұмыс Қазақстанда тұру болып есептеле ме?» деп сұрақ қойған еді. Кеңес «иә» деп жауап берді. Осылайша Тоқаев президент сайлауына қатыса алды. Заң бойынша президенттікке кандидат кейінгі 15 жыл бойы Қазақстанда тұруы керек. Ал Тоқаев 2011–2013 жылдары БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарды, яғни елде тұрмады.


 


28/09/2020 14:55 4453 0

28/09/2020
14:55 4453 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление