Француз тілінде «мәлімдеме» деген мағына береді. Маңызды жаңалықты/ақпаратты мәлімдеу.
Декларация — бұл құжат. Онда мемлекет немесе халықаралық қауымдастық халыққа маңызды ойы мен идеясын айтады. Бірақ ол заң емес, онда құқық нормалары жоқ. Бұл — тек заңдардың негізі. Мысалы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы көптеген елдің заңдарына негіз болды.
Түрлі салада «декларация» әр түрлі мағынада қолданылады. Сіз «салық/кеден/сауда декларациясы» дегенді естіген шығарсыз. Бұл жерде «декларация» табыс, өнімдердің көлемі мен сапасы туралы ресми мәлімет дегенді білдіреді.
Нет комментариев.