Мемлекеттік құпия

Жоғалған не жарияланған жағдайда мемлекет мүддесіне нұқсан келетін мәліметтер. Әр ел қандай ақпарат мемлекеттік құпия екенін өзі шешеді. 




Қазақстанда «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңында мемлекеттік құпия — әскери, экономика, ғылым-техника, сыртқы экономика, сыртқы саясат, барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру және өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру үшін шектелетін мемлекеттік не қызметтегі құпия. Оны таратқандар 8 жылға дейін түрмеге қамалады, белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынады.


Мемлекеттік құпияға мысал келтірейік: 


— әскер мен ондағы жауынгер саны, олардың даярлығы; 


— қару-жарақ пен әскери техниканың сызбалары;


— қорғаныс нысандары орналасқан жер;


— стратегиялық маңызы бар, сирек кездесетін металл туралы мәліметтер;


— барлау қызметіне жасырын түрде көмектесетін адамдардың жеке мәліметтері және тағысын-тағы.


Мемлекеттік құпия әрдайым жабық болмайды. Оны азаматтар (соның ішінде лауазымды адамдар) мен басқа мемлекеттер (халықаралық келісімді орындау үшін) ала алды. Мемлекеттік құпияны пайдалануға рұқсат алу үшін әуелі тиісті органдарға өтініш беру қажет.


02/07/2021 12:26 3732 0

02/07/2021
12:26 3732 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление