Пикет

Бір адам не адамдар тобы өз пікірі мен қарсылығын білдіретін бейбіт жиналыс түрі. 




Пикеттің митиңнен айырмашылығы — пикетке аз адам, тіпті бір азамат қатысады, олар мегафон, микрофон секілді құралдар қолданбайды, олардың талабы ауқымды, саяси не әлеуметтік бола бермейді. 


Бір қызығы, Қазақстан заңнамасында пикет — бір адамның белгілі бір жерде, уақытта наразылық білдіруі, яғни бір адам пикеті. 


Сонымен бірге елде бейбіт жиналыс (митиң, шеру, пикет) өткізем дейтіндер әуелі әкімдікті ескертуге тиіс: «Йоу, митиң/пикет өткізейін деп жатырмын, ертең айтпады демеңдер» деп. Бірақ ондағылар «Жоқ, өткізбейсің» деп рұқсат бермеуі мүмкін. 


Дәл осы нормалар «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңында жазылған. Бұл акт халықаралық құқыққа сай емес дейді сарапшылар. Неліктен екенін Роман Реймердің бағанасынан оқыңыздар.


12/01/2021 14:57 4617 0

12/01/2021
14:57 4617 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление