Кінәсіздік презумпциясы

Кінәсі сотта дәлелденбейінше күдікті не айыпталушы кінәсіз саналады деген қағида, яғни сот адамды кінәлі демесе, оны қылмыскер дей алмаймыз. 




Қағиданы тарқатып айтар болсақ, айыпталып отырған адам: 


— Айғақ бере алады, бермесе де болады. 


— Кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес. Кінәлі екенін айыптау тарабы, яғни прокуратура дәлелдеуге тиіс. 


— Айғақ бермесе айыпталушы кінәлі деген сөз емес. 


— Сот үкім шығарарда болжамға емес, тек дәлелге сүйенуге тиіс. 


Мемлекет сот тәуелсіз болуына жағдай жасауға тиіс. Судья кінәлап отырған жаққа да, қорғалып отырғандарға да болыспауы керек.


Кінәсіздік презумпциясы — қылмыстық іс жүргізудегі демократиялық принциптерінің бірі, тергеу және сот процесі осы қағидаға сай өтуі керек.



17/11/2021 15:27 8616 0

17/11/2021
15:27 8616 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление