Импичмент

Заң бұзған президентті немесе басқа да жоғары лауазымды тұлғаны орнынан алу, сотқа тарту. 




Қазақстанның президентін парламент тек ол еліне опасыздық жасағаны үшін cотқа бере алады. Ол үшін кемінде Мәжіліс депутаттарының үштен бірі «президентті айыптау қажет» деп бастама көтеруі керек, олардың көбі «айыптаймыз» десе, тергеу басталады. Оны Сенат ұйымдастырады, қорытындысын парламент Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңестің шешімін ескеріп шығарады. Егер депутаттар президентке айып таққаннан кейін екі айда шешім шығармаса, президент ақталады. Кейін «президентті айыптау керек» деп бастама көтерген депутаттар қызметінен кетеді.


Қазақстан парламенті мемлекет басшысына айып тағып көрген емес. 


Президент орнынан кетсе, оның міндетін Сенат спикері уақытша атқарады. 


Осы күнге дейін импичмент бойынша қызметінен кетуге тура келген президенттер: Фернанду Колор және Дилма Русеф (Бразилия), Пак Кын Хе (Оңтүстік Корея), Фернандо Луго (Парагвай).


 


05/10/2020 15:57 4237 0

05/10/2020
15:57 4237 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление