Сенімсіздік вотумы

Парламенттің үкіметке «сенбеуі» не оның қызметіне көңілі толмауы. 




Қазақстанда:


Парламент үкіметтің бюджет туралы есебін бекітпесе, оған сенбейді деген сөз. Ондайда министрлер кабинеті отставкаға кететінін президентке хабарлауы керек. Президент келісім берсе, үкімет тарайды.  


Парламент үкімет енгізген заң жобасын қабылдамаған жағдайда премьер-министр депутаттарға «үкіметке сенесіз бе?» деп сұрақ қоя алады. Дауыс беруде Мәжіліс пен Сенат депутаттары министрлер кабинетіне сенетінін айтса, заң қабылданады. 


Мәслихат та әкімге дауыс беру арқылы сенімсіздік вотумын білдіріп, содан кейін одан жоғары тұрған басшыдан немесе президенттен әкімнің қызметтен кетуін талап ете алады. Өтініш орындалмаса, мәслихат 6 айдан кейін тағы да дауыс беру өткізеді. Депутаттар әкімге сенбейтін болса, жоғары тұрған әкім немесе президент оны қызметінен босатады.


18/09/2020 11:53 6373 0

18/09/2020
11:53 6373 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление