Рейдерлік

 Рейдерлік — кәсіпкердің үлесін заңсыз меншіктеу, мүлік пен бағалы қағаздарды заңсыз иемдену немесе кәсіпкерлікке бақылау орнату.


Рейдерліктің үш түрі бар: ақ, қара және сұр рейдиң.



  • Ақ рейдерлік. Заң аясында іске асырылса да, кәсіпорын басшыларының еркіне қарсы жүргізіледі. Мысалы, қылмыскерлердің акционерлер жиналысын бұзуы немесе директорлар кеңесі арасындағы қақтығыстарды ушықтыруы мүмкін. Уәкілетті органдардың тексерулерін, саботаж жұмыстарын бастау, компанияның жағдайы туралы инсайдерлік ақпаратты пайдалану да мүмкін.

  • Қара рейдерлер бизнесті тартып алуға тырысады. Қылмыскерлер кәсіп иелерін қорқытып, бопсалайды, күш қолданады немесе тексеру жүргізетін, алаяқтықпен айналысатын шенеуніктерге пара береді.

  • Сұр рейдерлік. Рейдерліктің бұл түрі кәсіпкерлерді үркітудің заңды, қылмыстық жолдарын қатар қолданады. Рейдерлер компанияларды толығымен заңды түрде басып ала алады, бірақ басып алудың әртүрлі кезеңдерінде қылмыстық құралдарды қолданады.


 


Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 249-бабына сәйкес рейдерлік әрекетке мынадай жаза қолданылады:



  • бес мың АЕК-ке дейін (15 миллион теңгеден астам) айыппұл;

  • не сол мөлшерде түзеу жұмыстары;

  • 1 200 сағатқа дейін мерзімде қоғамдық жұмыстар;

  • мүлкі тәркіленіп, бас бостандығын бес жылға дейін шектеу;

  • мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру;

  • шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру қосылады.


08/07/2022 16:45 3800 0

08/07/2022
16:45 3800 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление