АИВ

Иммун жүйесін зақымдайтын, кесірінен адамдар кез келген вирус, инфекция мен ауруға төтеп бере алмайтын вирус. Толығырақ адамның иммунтапшылығы вирусы деп оқылады. 




АИВ адамнан адамға тек сұйықтық арқылы жұғады: қан, шәует, қынаптан шығатын сұйықтық, ана сүті. Ал ең көп вирус жұққан инені қолдану, секс, қан құю, босану мен емізу кезінде жұғады. 


АИВ мен ЖИТС бірдей нәрсе емес. ЖИТС — жұқтырылған иммунтапшылығы синдромы, АИВ-тің ауыр түрі. Егер АИВ жұқтырған адам дер кезінде дәрі ішіп, емделмесе, онда ауру ЖИТС-ке айналады. 


Бірақ АИВ жұқтырғандардың көбі арнайы (ретровирусқа қарсы) дәрі ішеді. Бұл иммунитетті сақтап, вирустың көбеюін болдырмайды. Осылайша адам қалыпты өмір сүре алады. АИВ-тің вакцинасы әлі ойлап табылмады. 


1 желтоқсан — ЖИТС-пен күрес және осы аурудан қайтыс болғандарды еске алу күні. Бұл күнде барынша көп адам ЖИТС эпидемиясынан хабардар болуы үшін түрлі шара өткізіледі.


 


30/11/2020 18:33 5156 0

30/11/2020
18:33 5156 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление