Этноцид

Латын және грек тілдерінен аударғанда халықты өлтіру дегенді білдіреді. 


Этноцид деп бір халықтың ұлттық сана-сезімін, мәдениеті мен тілін жою саясатын айтады.


Геноцидтің бір түрі. 




Этноцидтің белгілері: 


— салт-дәстүрін ұстануға тыйым салу;


— адамдарды тұрған жерінен қуып жіберу, басқа жаққа көшіру;


— өз тілінде сөйлеуге, жазуға тыйым салу;


— мәдени мұраларын қирату, құрту;


— тарихи жеріне иелік ету құқығынан айыру;


— билікке араластырмау; 


— қырылып қалуына жағдай жасау. 


Этноцидке ұшырағандар тарихын, тілін, мәдениетін ұмытып қалады. Олармен ешқандай байланысы болмайды, өздеріне этноцид жасағандар қоғамына сіңісіп кетеді. 


Этноцидке мысал ретінде Шыңжаңдағы түркі тілдестердің «саяси түзеу» лагерьлеріне қамалуын айтсақ болады. Онда мұсылман халық тек қытай тілінде сөйлеуге, салт-дәстүр ұстанбауға, әйелдер аборт жасатуға мәжбүр. 


Зерттеушілер Әзербайжан билігі өткен ғасырдан бері лезгиндерге этноцид жасап отыр дейді: халық санағы кезінде олардың санын азайтып көрсетеді, әзербайжандықдардан басқа жоғары білім алғысы келетін халықтарға арнайы салық енгізді.


12/07/2021 16:51 3413 0

12/07/2021
16:51 3413 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление