Құрамына көп бөлік кіретін мемлекет. Бұл бөліктердің атауы әр елде әртүрлі болады: штат, республика, провинция және тағы басқа.
Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Канада — федерация мемлекеттер.
Федерацияға тән белгілер немесе оның біртұтас (унитар) мемлекеттен айырмашылығы:
– Мемлекет көп жеке субъектіден, мысалы, АҚШ штаттардан, Ресей республикалардан тұрады;
– Өңірлердің аумағында екі жүйе жұмыс істейді: федерал және жергілікті;
– Құрамындағы субъектілердің әрқайсының өз заңдары болуы мүмкін.
Нет комментариев.