Әкім

Жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) басшысы. 




Өзі басқарып отырған аймақтың экономикасы мен әлеуметін дамыту бағдарламалары үшін жауап береді, жергілікті бюджеттің жұмсалуын қадағалайды. Президенттің бұйрықтары мен заңдарды орындайды. Басқармалар басшысын тағайындап, орнынан алып тастайды. Мәслихатқа есеп береді. 


Астана мен республикалық маңызы бар қалалардың (Алматы, Шымкент), облыстардың әкімін президент тағайындайды, орнынан алып тастайды. Ал басқа қалалар, аудандар мен ауылдардың басшысын одан жоғары тұратын әкім сайлайды. 


Мәслихат әкімге «сенбейтінін» айтып, президенттен оны қызметінен алып тастауын өтіне ете алады.


 


09/09/2020 14:14 5532 0

09/09/2020
14:14 5532 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление