Абсентеизм

Латынның absens, absentis — «келмеді, жоқ» деген сөзінен шыққан. Абсентеизм — адамдардың сайлауға әдейі қатыспауы, бойкот жариялауы.




Абсентеистерді бейсаяси адамдармен шатастырмаңыз. Бейсаяси адамдар саясатқа мүлдем қызықпайды, оған әсер ете алатына сенбейді. Ал абсентеистер, керісінше, дауыс бермеу арқылы билікке наразы екенін білдіреді, «сайлауға бойкот жариялаймыз, сіз де дауыс бермеңіз» деп митиң, шерулерге шығады. Осылайша олар саясатқа әсер еткісі келеді. Қысқасы, абсентеизм — саяси наразылық түрі. 


10 қаңтарда Қазақстанның бірнеше қаласында тіркелмеген Демократия партиясы, Oyan, Qazaqstan қозғалысы жақтастары мен басқа да белсенділер сол күні өткен парламент сайлауға бойкот жариялап, митиңге шықты. Олардың ойынша, сайлау өтірік, заңсыз өткен, қорытындысы бұрмаланған.  


Арнайы жасақ олардың кейбірін ұстап әкетсе, кейбірін бірнеше сағат бойы аязда ұстады. Бірнеше наразыны үсік шалып, оларды жедел жәрдем алып кетті. 


Қазақстанда азамат сайлауға қатыспаса болады. Ал бірқатар елде дауыс беруге келмеген адамдарға айыппұл салынады, түрмеге қамалады. Мысалы, Аустралия, Бельгия, Болгария, Түркия, Пәкістан.


11/01/2021 14:30 6430 0

11/01/2021
14:30 6430 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление