Пацифизм

Латынша pacificus — бітімгершілік дегенді білдіреді.


Пацифизм — саяси шиеленістерді соғыс, зорлық-зомбылықсыз шешуді жақтайтын қозғалыс, идеология. 




Пацифизмге антиимпериализм, антимилитаризм (милитаризм не екенін мына жерден оқыңыз), демилитаризация, соғыс пен ядро қаруға қарсы қозғалыстар жатады. 


Пацифистер соғыс ұлт-азаттық, қасиетті екеніне, заңды себебі болғанына қарамайды: олар ақтауға болатын соғыс, қантөгіс болмайды дейді. Себебі бұл дүниеде адам өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. 


Пацифизм үнемі саяси идеология бола бермейді: адам баласы соғысқа ғана емес, жалпы зорлық-зомбылыққа қарсы шығады, мәселесін қол көтере отырып шешуден бас тартады.  


Бұл идеологияны жақтайтындар міндетті әскери қызметке қарсы. Өйткені отан алдындағы борышты өтеу, елді қорғау сияқты идеялар соғыс пен агрессияны романтизациялайды.


Әрине, пацифизмді сынайтындар бар. Олардың ойынша, зорлық-зомбылық пен соғыс алдағы одан да үлкен зорлық пен соғысты болдырмайды. Мысалы, БҰҰ белгілі бір елде диктатор жұртты қырып жатыр деп баса-көктеп кіре алады, әскерін қолдана алады.


07/02/2022 18:19 3591 0

07/02/2022
18:19 3591 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление