Мемлекетті басқару формасы. Оның міндетті түрде президенті, үкіметі мен парламенті болады. Билік мұрагерлікпен берілмейді. Президент пен парламентті халық сайлайды.
Республиканың үш түрі бар: президенттік, парламенттік және аралас. Биліктің басым бөлігі президенттік республикада президенттің, ал парламенттікте парламенттің қолында болады. Қызық, иә? Ал аралас республикада үкімет екеуіне де есеп береді.
Парламенттік республикада президент символ ретінде ғана бар. Мемлекетті премьер-министр басқарады. Мысалы, Германия үкіметінің басшысы Ангель Меркель екенін бәрі жақсы біледі, ал президенттің атын екінің бірі біле бермейді. Айтпақшы, оның аты — Франк-Вальтер Штайнмайер.
Президенттік республикада президент басты рөл ойнайды, ішкі және сыртқы істерге жауап береді. Соңғы сөзді сол айтады. АҚШ бұл республика түріне керемет мысал бола алады. Қазақстан да — президенттік республика. Конституцияда солай жазылған.
Республика демократияның синонимі емес, осыны ұмытпаған жөн. Бұл тек елді басқару формасы, ал мазмұны әр түрлі болуы мүмкін.
Нет комментариев.