Сөз француз тілінен енген. Наполеон билік еткен жылдары өмір сүрген Николь Шовеннің құрметіне ойлап табылған. Негізінен Шовен — ол жинақтық образ: патриот, Бонапарт саясатына ес-түссіз адал адам дегенді білдіреді.
ХІХ ғасыр ортасында Шовен және «шовинизм» сөздері қазіргіден біраз басқаша қолданылды: шовинист деп беделі түскен Наполеонға ессіз адал болғандарды атаған.
Сол ғасырдың аяғында «шовинизм» сөзі басқа тілдерге ене бастады. Орысша сөйлейтіндер арасында бұл сөз кең таралып, теріс мағынаға ие болды: национализмнің радикал әрі агрессив түрі, «мен сияқты емес адам — қас жауым» деген мән бере бастады.
Уақыт өте келе оның басқа мағыналары пайда болды. Қазір шовинизм тек радикал национализм емес. Басқа жынысқа, тапқа жататын я басқа дін ұстанатын адамдарды жек көру де шовинизм боп есептеледі.
Нет комментариев.