Интервенция

Бір не бірнеше мемлекеттің басқа елдің ішкі ісіне күшпен араласуы.  




Интервенцияның бірнеше түрі бар: қарулы, саяси, ақпараттық, экономикалық және тағысын-тағы. 


Қарулы интервенция ашық не астыртын болады. Ашық интервенция кезінде бір не бірнеше ел басқа мемлекетке басып кіреді, азаматтардың құқығын бұзып, ғимараттар мен ұлттық мұраларды жояды. Астыртын интервенция болса, бір ел басқа елге басып кірерде өз әскерін емес, үшінші жақтың — жалданбалы әскерді пайдаланады, яғни өзінің интервенция жасап отырғанын жасырады. 


Саяси интервенция кезінде мемлекет басқа елде төңкеріс жасауға, қылмыстық топтарға қаржылай көмектеседі. 


Ақпараттық интервенцияға медиа арқылы бір мемлекеттегі ұлттар арасына іріткі салу, билік беделін төмендету жатады. 


Интервенция жасағанда мемлекет белгілі бір сылтау (себеп) айтады. Мысалы, басып кіргелі отырған елдің халқын құтқару, олардың құқығын қорғау. 


БҰҰ жарлығында интервенцияның кез келген түрі халықаралық құқыққа қайшы екені жазылған (2-бап, 4-тармақ). Ұйым өз қарулы күшін тек адам құқығын өрескел бұзған мемлекетке қарсы, бейбітшілікті не халықаралық құқықты сақтау үшін қолдана алады. 


Интервенцияға мысалдар — ХІХ ғасырда Жапония, Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Австрия-Венгрия мен Италияның «христиандар мен шетелдіктерді өлтіріп жатыр» деп Қытайға басып кіруі; ХХ ғасырдың басындағы Атланта елдерінің (Ұлыбритания, Франция) Ресейді интервенциялауы.


 


18/11/2020 14:13 5793 0

18/11/2020
14:13 5793 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление