Петрократия

Ағылшын тілінде petroleum мұнай, грек тілінде «кратия» билік, мемлекет дегенді білдіреді. 


Бұл терминнің екі мағынасы бар. 


— Басты табысын мұнай не мұнай өнімдерінен алып отырған мемлекет;


— Мұнай өндіріп не сататын билік құрылымдары.  




Мұндай режимі барларды мұнай мемлекеті не петромемлекет дейді. Бұл ұғымды қолданысқа 1997 жылы Фернонда Коронил «Ғажайып мемлекет» деген кітабында енгізген. Бұл туынды мұнайға ие элита Венесуэланы қалай тақырға отырғызғанын баяндайды. 


Петрократия — олигархияның бір түрі. Ал олигархия дегеніміз — билікке белгілі бір топ (байлар, әскерилер, мемлекет басшысының туыстары) ие болатын не қатты әсер ете алатын саяси жүйе. Мұнайдан түскен ақша көп болғандықтан петромемлекеттердің билігі халыққа, оның салығына тәуелді болмайды. Әрі мұндай режимде таптық бөлініс шиеленісе түседі — биліктен кетпей отырған элита шалқып өмір сүреді, ал қара халық аз ақша тауып, оның басым бөлігін азық-түлік пен керек негізгі заттарға жұмсайды.


Петрократияға мысал елдер: Ресей, Венесуэла, Сауд Арабиясы, Иран.


Қазақстанды петромемлекет деп айтуға бола ма? 🤔


 


24/01/2022 18:16 2896 0

24/01/2022
18:16 2896 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление