Диффамация

Біреудің абыройына нұқсан келтіретін, масқаралайтын мәліметті баспаға жариялау. 




Басқаша айтқанда, әлдекім туралы өсек-аяңның, ғайбаттайтын әңгіменің ақпарат құралдарында немесе әлеуметтік желілерде жазылуы.  


Тәжірибеде диффамацияның үш түрі көрініс табады:



  • біреуді масқаралайтын жалған мәліметті қасақана жария ету, жала жабу;

  • біреуді масқаралайтын жалған мәліметті рас-өтірігін білмей, абайсызда жариялау;

  • масқаралайтын ақпаратты рас екеніне көз жеткізе отырып жариялау. 


Қазақстанда бұрын диффамация Қылмыстық кодекстің «Жала жабу» бабы (130-бап) бойынша қаралатын. 2020 жылдың маусымынан бастап ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске ауысты.


БАҚ-тағы, интернеттегі диффамация үшін бұл заңнама бойынша жеке тұлғаға 180 АЕК (525 мың теңге, 2021 жылы 1 АЕК = 2 917 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе ол 20 тәулікке қамалады, лауазымды адам 650 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді не 25 күнге қамалады. Әлдекімді «сыбайлас жемқорлық не басқа да аса ауыр қылмыс жасады» деп жала жапқандарға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 25 күнге қамау жазасы берілуі мүмкін. Жаза тартылған шенеунік 750 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе бір айға қамалады.


 


22/02/2021 14:35 4158 0

22/02/2021
14:35 4158 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление