Революция

Латынша revolutio «төңкеріс» деген мағына береді. Бұл — қоғамның бір саласындағы түбегейлі өзгеріс, бұрынғы әдеттерден біржола бас тарту. Мысалы, монархия мемлекеттің республикаға айналуы. 




Революцияның түр-түрі бар: ғылымдағы, мәдениеттегі, өнеркәсіптегі, бірақ көбіне саяси революцияны айтамыз. 


Саяси революция — мемлекет билігін, басқару режимін құлату, орнына басқа институт құру. 


Бұл түбегейлі өзгеріс құқыққа сай келмейді әрі онда күш қоланылады, яғни мұның бәрі заңсыз болады. Ешбір билік өзінің құлауын заңдастырмайды. 


Революцияға себеп болатындар: 


– Қоғам көзқарасының екіге айырылуы;


– Елдегі әділетсіздікке халықтың наразылығы;


– Билік беделінің түсуі;


– Саяси элитадағы алалық;


– Дағдарыс;


– Адамдар көзқарасына жақын идеология/партия/қозғалыстың пайда болуы. 


Ұлы француз революциясы (1789–1799 жылы) мен Қазан төңкерісі (1917 жылы) революцияның классикасы саналады. Себебі олардан соң Франция мен Ресейде (кейін КСРО мен Қазақстанда) саяси институт пен қоғам түбегейлі өзгерді.


 


06/10/2020 12:41 6709 0

06/10/2020
12:41 6709 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление