Кибергрумиң

Интим фото/видеоңды басқаларға көрсетем деп желіде бала не жасөспірімді бопсалау. Жыныстық зорлық-зомбылықтың бір түрі. 




Кибергрумиңнің схемасы мынадай: 


— Кісі әлеуметтік желі, мессенжерде өзінен әлдеқайда кіші жасөспіріммен танысады; 


— Өзін оның құрдасы не одан сәл үлкен деп таныстырады;


— Сеніміне кіріп, онлайн дос не жігіті/қызы болады. 


— Интим видео/фотосын алып алады. 


— Ата-ана, туыс, сыныптастарыңа көрсетем деп ақша я тағы нюдстарын жіберуді талап етеді. 


Неміс зерттеушісі Себастиан Уакс мұндай зорлықты көбіне еркектер қыз балаларға жасайды дейді. 


Кибергрумиң буллиң (әлімжеттік) сияқты жиі қайталанып отырады. 


Дүниежүзінде қанша адам кибергрумиңге ұшырғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Қазақстанда да солай. 


Британиялық белсенділер 2019–2020 жылдары Ұлыбританияда кибергрумиң қатты өршіді дейді. 2013–2014 жылдары осындай қоқан-лоқыға 3 300 жасөріпім тап болса, 2018–2020 жылдары бұл көрсеткіш 19 мыңға жеткен. 


Біз бұрын біреу интим фото/видеоңызды көрсетем деп бопсаласа не істеу керегін айтқанбыз. Ата-аналар, оқи отырыңыз. Бастысы — баланы мұнысы үшін жазғырып, сөкпеңіз. Керісінше, қолдау, арқау болыңыз, психологқа апарыңыз. Бала жалғыз емесін білуі қажет.


03/09/2021 15:24 3823 0

03/09/2021
15:24 3823 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление