Гендер

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл сөзге мынандай түсініктеме береді: гендер — әйелдер мен еркектердің қоғамда қалыптасқан сипаттамасы. 




Гендерді жыныспен шатастырмаған жөн. Жыныс — адамды әйел не еркек деп бөлетін биологиялық және физиологиялық сипаттамалар жинағы. Ал гендер — қоғам адамды еркек не әйел деп бөлетін сипаттамалар. Соның кесірінен адамдарда әйелдер мен ерлерге қатысты стереотиптер пайда болып, бұл алалау мен зорлық-зомбылыққа себеп болуы мүмкін.  Ең кең таралған стереотиптер: еркектер — «агрессив жандар, олар алған бетінен қайтпайды, ақылды, тек мансап жолын қуады», ал әйелдер — «мінезі биазы, басқаларға үнемі қамқор болады, нәзік жандылар және отбасы ұйытқысы».  


Гендер — биологиялық жынысқа қарағанда үлкен мағынаға ие. Ол биологиялық жынысқа сәйкес келмеуі, сондықтан адамға өзіне тағылған гендерлік статус ұнамауы мүмкін. 


Гендерді зерттеушілер мен белсенділер қазір адамдарды тек әйел не еркек (бинар жүйесі) деп бөліп-жармайды. Гендерлік болмыстың түр-түрі бар: агендер, бигендер, гендерквир, гендерфлюид және басқасы.


 


28/10/2020 13:29 5228 0

28/10/2020
13:29 5228 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление