Тоқаев: Екі айда үкімет офшорда жатқан ақшаны қайтарудың амалын табуы керек
Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлерге тапсырма берді

Фото: ria.ru
Министрлер кабинеті екі ай ішінде офшорда жатқан заңсыз ақшаны елге қайтарудың амалын табуға тиіс. Осылай деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тапсырма берді.
Бұрын мәжілісмен әрі «Ақ жол» партиясының депутаты Мақсат Раманқұлов елдегі олигархизация мен офшоризацияны тоқтатып, халықтан жымқырылған қаражатты қайтару керегін айтқан еді.
— Tax Justice Network халықаралық ұйымының дерегіне сенсек, кейінгі 25 жылда Қазақстаннан шетел офшорларына 140–160 миллиард доллар аударылған. Бұл көрсеткіш елдің жылдық жалпы ішкі өнімі мен сыртқы қарызына тең, — дейді депутат.
Раманқұловтың сөзінше, кейінгі бес жылда құқық қорғау органдары заңсыз ақша шығару туралы 200 іс қозғаған, бірақ айтарлықтай нәтиже болмаған.
Офшор деген не екенін мына жерден оқыңыз.

Пікірлер жоқ.