Сот Бюро, «Эхо» мен «Халықаралық құқықтық бастаманың» салық органдарының үстінен түсірген шағымын қанағаттандырды

Жыл басында салық органдары үкіметтік емес ұйымдардың қызметін шектеп, айыппұл салған еді


08/04/2021
14:39 43209 0

Фото: vlast.kz

 

Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюро, «Эхо» қоғамдық бірлестігі мен «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қоры өздеріне айыппұл салып, қызметін тоқтатқан салық органдарын сотқа беріп, жеңіп шықты. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлады

 

Бізге қарсы екі іс болды. Біреуін мемлекеттік кірістер басқармасы ешқандай құқық бұзушылық болмады деп, ал екіншісін құқық бұзушылық ондай маңызды емес жапқан еді. Біз ешқандай құқық бұзбадық. Сондықтан іс толықтай жабылсын деп сотқа бардық. Сот та құқық бұзушылық болмады деп, салық органының қаулысының күшін жойды, — дейді «Эхо-ның» басшысы Павел Лобачев «Азаттыққа». 

 

Бюро мен «Халықаралық құқықтық бастама» да салық органының «кішігірім құқық бұзған» деген шешіміне қарсы шыққан. 


Еске сала кетейік, қаңтарда салық органдары бірнеше үкіметтік емес ұйымның қызметін уақытша тоқтатып, айыппұл салған еді, бірақ кейін бұл шешімдерін алып тастады. Осы істің мән-жайын мына жерде жазған едік. Оқи отырыңыз.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

08/04/2021 14:39
43209 0

Уведомление