Masa.media MediaCAMP Awards сайысында екінші орын алды

Финалда Орталық Азияның 91 журналист, блогер, фотографы мен карикатурашысы бақ сынады


13/09/2021
12:47 39738 0

Фото: internews.kz

 

Masa.media-ның «Өзімді қылмыскер сезіндім: үкімет тыйым салған жұмыста істеп жүрген әйелдің хикаясы» материалы MediaCAMP Awards сайысының «Жастар уақыты» номинациясында екінші орын алды. 

 

Бұл номинацияның бірінші орнын Қырғызстандағы алып қашу туралы лоңрид, тағы бір екінші орнын Қазақстандағы балаларға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық проблемасы туралы сұхбат, үшінші орнын Тәжікстандағы оқушы қыз балалардың проблемасы туралы материал иеленді. 

 

Орталық Азияда жыл сайын өтетін конкурстың финалына 91 журналист, блогер, фотограф пен карикатурашының 74 жұмысы өтті. Жалпы, бес номинация бойынша 700 өтініш келіп түскен. 

 

«Жастар уақыты» — журналистикада істеп жүргеніне екі жыл толмаған журналистерге арналған номинация. 

 

Masa.media барлық жеңімпаз бен жүлдегерді құттықтайды.

 


 

Telegram, Instagram, Facebook, Twitter-дегі парақшамызға жазылыңыз. 

 


 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

13/09/2021 12:47
39738 0

Уведомление