«CК-Фармацияның» бұрынғы басшысы заңсыз қару сақтаған, билігін асыра пайдаланған деп айыпталды

Берік Шәріп заңсыз қару сақтағанын мойындады


27/04/2021
11:53 43452 0

Фото: tengrinews.kz

 

«CК-Фармациясының» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке заңсыз қару сақтаған, билігін асыра пайдаланған деген айып тағылды. Мұны Informburo хабарлады

 

Берік Шәріп кезінде медқызметкерлерге арналған қорғау костюмдерін сатып алудан тендер комиссиясын басқарған. Тергеу дерегіне сенсек, ол бірнеше компанияны сайысқа қатыстырмай, Inkar мекемесінен костюмдер сатып алған. Бірақ бұл компания сайыс талаптарына сай болмаған, тапсырысты уақытылы жеткізбеген. 

 

— Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды мен басқа өңірлерге медқызметкерлерге арналған қорғау костюмдері дер кезінде жеткізілмегендіктен елде дефицит пайда болды, бұл кейін медқызметкерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына себеп болды, — делінген айыптау актісінде. 

 

Шәріпке заңсыз қару сақтаған деген айып та тағылды. Айыпталушы заңсыз қару сақтадым деп мойындады. Қалған айыпты жоққа шығарды. 

 

Шәріп 2020 жылғы тамызда медкостюмдер сатып аларда билігін асыра пайдаланды деп тұтқындалған еді.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

27/04/2021 11:53
43452 0

Уведомление