Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысын қамауға алды

Агенттік оның атын атамады


14/08/2020
19:13 47253 0

Фото дереккөзі: inform.kz

 

Астанада (Нұр-Сұлтанда) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармацияның» экс-басшысын ұстады. Бұны ҚазАқпарат хабарлады. 

 

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС-нің бұрынғы басшын ұстап, Астанадағы (Нұр-Сұлтан) полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізді. Оған ТЖ кезінде медициналық өнімдерді сатып аларда билігін асыра пайдаланды деген айып тағылды, — деді агенттіктің 1-депатрментінің аса маңызды істерін тергеуші Данияр Бигайдаров. 

 

Агенттік тұтқынның атын айтпады. Бірақ сол уақытта ұйымды Берік Шәріп басқарғаны белгілі. 

 

«СҚ-Фармация» — халыққа тегін берілетін көмекті қамтамасыз ету үшін дәрілер мен медициналық өнімдерді сатып алу құқығына ие компания.

 

10 шілдеде елдегі коронавирустың екінші толқыны кезінде дәрілердің жетіспегені мен емханалардың науқастарды қабылдауға қауқары жетпегені үшін Берік Шәріп пен Медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұлов орнынан қуылды. Оған Қасым-ЖомартТоқаев бұйрық берген еді.

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

14/08/2020 19:13
47253 0

Уведомление