Билігін асыра пайдаланды деп айыпталған Берік Шәріпті сот кінәсіз деп тапты

Енді «СК-Фармациясының» бұрынғы басшысы тек заңсыз қару сақтағаны үшін айыппұл төлейді


05/08/2021
10:27 41561 0

Фото: vlast.kz

 

Астана (Нұр-Сұлтан) соты билігін асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы «СК-Фармация» басшысы Берік Шәріпті ақтады. Мұны Vласть хабарлайды.

 

2020 жылғы тамызда тұтқындалған Шәріпке екі айып тағылған еді: «билікті асыра пайдалану» және «заңсыз қару сақтау». Екінші айып бойынша Шәріп кінәлі деп табылды. Енді ол 1 мың АЕК (2,9 миллион теңге, 1 АЕК = 2 917 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. 

 

Берік Шәріп кезінде медқызметкерлерге арналған қорғау костюмдерін сатып алудан тендер комиссиясын басқарған. Тергеу дерегіне сенсек, ол бірнеше компанияны сайысқа қатыстырмай, Inkar мекемесінен костюмдер сатып алған. Бірақ бұл компания сайыс талаптарына сай болмаған, тапсырысты уақытылы жеткізбеген. 

 

— Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды мен басқа өңірлерге медқызметкерлерге арналған қорғау костюмдері дер кезінде жеткізілмегендіктен елде дефицит пайда болды, бұл медқызметкерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына себеп болды, — делінген айыптау актісінде. 

 

«СҚ-Фармация» — халыққа тегін берілетін көмекті қамтамасыз ету үшін дәрілер мен медициналық өнімдерді сатып алу құқығына ие компания.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

05/08/2021 10:27
41561 0

Уведомление