Қазақстанда жұрт меморгандарға қай тілде жүгінеді?

Мұны Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік анықтады


19/08/2021
15:08 39539 0

Фото: egov.kz

 

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік Қазақстан азаматтары органдарға көбіне қай тілде жүгінетінін анықтады. Мұны Energyprom.kz хабарлайды

 

Статистикаға сенсек, қазақстандықтардың 56,9 %-ы орысша, 43,1 %-ы қазақша мемлекеттік қызмет алады екен. 

 

Мемлекеттік органдарға барғанда орыс тілін көбіне мына облыстардың тұрғындары қолданады: 

 

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 91,5 %;
  • Қостанай облысы  – 85,3 %; 
  • Павлодар облысы – 85,1 %;
  • Ақмола облысы – 82,2 %;
  • Астана (Нұр-Сұлтан) – 72,7 %;
  • Алматы – 71 %;
  • Қарағанды облысы – 67,1 %;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 67,1 %;
  • Батыс Қазақстан облысы – 54,8 %.

Ал қазақ тілін көбінесе мына өңірлерді жиі қолданады: 

 

  • Түркістан облысы – 85,6 %;
  • Қызылорда облысы – 80,2 %;
  • Атырау облысы – 78 %.
  • Маңғыстау облысы – 73,1 %; 
  • Шымкент – 69,3 %; 
  • Жамбыл облысы – 62,3 %; 
  • Ақтөбе облысы – 59,8 %; 
  • Алматы облысы – 53 %.  

Агенттік бүкіл Қазақстанда 9 211 тұлғадан жауап алған. Олардың 9 181-і мемлекеттік қызмет алған азаматтар (7 920), мекемелер (1 261) мен сарапшылар (30).

 

Қазақстанда мемлекет органдарында қазақ тілі мен орыс тілі тең қолданылады. Өтініш қай тілде келіп түссе, жауап сол тілде болуы керек. Мемлекет тілдер қолданысын қалай қадағалайтынын бұрын айтқанбыз. Оқи отырыңыз. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

19/08/2021 15:08
39539 0

Уведомление