АҚШ Қытай билігі ұйғырларға қарсы геноцид жасап отыр деп мәлімдеді

Құрама штаттар — Қытай билігінің ұйғырларға қатысты саясатын геноцид деп айыптаған бірінші мемлекет


20/01/2021
10:42 47411 0

Фото: rbc.ru

 

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытайды «Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да мұсылман азшылық топтарға қарсы геноцид жасап отыр» деп айыптады.  

 

— 2017 жылдан бері Қытай билігі Шыңжаңдағы 1 миллионнан астам ұйғыр және басқа да мұсылман халықты азаптап, жұмысқа жегіп жатыр, олардың дін ұстану, өз пікірін білдіру еркіндігі мен бас бостандығын шектеген. Бұлардың бәрі — адамзатқа қарсы қылмыс. АҚШ Қытайдан азаматтардың барлығын босатып, олардың бас бостандығын шектеуді дереу доғарсын деп талап етеді, — делінген мәлімдемеде. 

 

Құрама штаттар — Қытай билігінің ұйғырларға қатысты саясатын геноцид деп айыптаған бірінші мемлекет. 

 

2018 жылы БҰҰ Қытайда Шыңжаң ұйғырлары мен басқа да азшылық топтар (қазақ, қырғыз) лагерьлерге қамалып жатыр деп хабарлаған еді. Басында Қытай билігі мұны жоққа шығарды, бірақ кейін лагерьлер барын мойындады. Олар онда «экстремизмге бейім азаматтарды қайта тәрбиелеп жатырмыз» деп мәлімдеді. 

 

Біз бұрын сол лагерьлердің бірінде қытай тілінен сабақ берген қазақ Сайрагүл Сауытбайдан сұхбат алғанбыз. Ол бізге не көргенін, онда отырғандар ұйғырлар мен қазақтардың халін айтып берді.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

20/01/2021 10:42
47411 0

Уведомление