Airbnb 20 мың ауған босқынына тегін баспана бермек

Компания баспана ақысын өзі өтемек


25/08/2021
11:13 34304 0

Фото: lite985.ca

 

Airbnb компаниясы 20 мың ауған босқынына тегін баспана бермек. Мұны қызметтің бас директоры Брайан Чески Twitter-ден хабарлады. 

 

Қызмет баспана ақысын өзі төлемек. Чески жоба «кең пейіл пәтер/үй иелерінің» арқасында жүзеге аспақ дейді. Ол босқындарға пана боламыз дегендерден компаниямен байланысуды сұрады. 

 

Airbnb — қысқа мерзімге жалға берілетін пәтер не үй іздеуге болатын сайт.  

 

15 тамызда «Талибан» (Қазақстанда террорист ұйым деп танылған) Ауғанстан астанасы Кабулды басып алды. Президенті Әшреф Ғани елден қашып кетті, ал оның інісі Хәшмет Ғани тәліптерге қосылды

 

Билік экстремистер қолына өткеннен кейін елден кетеміз деген адам көбейді. Ол жақтан тек әуе арқылы шығуға болатын еді, бірақ тәліптер кей әуежайын жауып тастаған.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

25/08/2021 11:13
34304 0

Уведомление