Ауғанстан президентінің інісі «Талибан» қозғалысына қосылды

Президент Әшреф Ғани елден қашып кеткен еді


23/08/2021
10:43 40549 0

Фото: eadaily.com

 

Ауғанстаннан қашқан президент Әшреф Ғанидің інісі Хәшмет Ғани тәліптердің жағына шыққан. Мұны «Талибан» қозғалысы (бұл ұйымға Қазақстанда тыйым салынған) Twitter-ден хабарлады

 

Хәшмет Ғани 2002 жылдан бері Ауғанстанның Ұлы кучи (этнос) кеңесін басқарып келеді. Одан бөлек, экспорт, импорт, жылжымайтын мүлікпен айналысатын The Ghani Group корпорациясының басшысы. 

 

OCCRP зерттеушілері ауған кеніштерімен айналысып отырған америкалық SOS International компаниясының көптеген акциясы Хәшметке тиесілі дейді. 

 

2014 жылы Ғани президент сайлауға да түскен, бірақ ағасынан жеңіліп қалды. 

 

15 тамызда «Талибан» қозғалысы Кабулды жаулап, билікті басып алды. Президент Әшреф Ғани елден қашты.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

23/08/2021 10:43
40549 0

Уведомление