«Абырой» қоғамдық бірлестігінің жұмысы тоқтатылмайтын болды

БҚО мемлекеттік кірістер басқармасы өз шешімін алып тастады


04/03/2021
17:58 44362 0

Фото: vlast.kz

 

Батыс Қазақтан облысы мемлекеттік кірістер басқарамасы «Абырой» қоғамдық бірлестігіне айыппұл салу, қызметін үш айға тоқтату туралы шешімін жойды. Мұны ұйымның жетекшісі Лұқпан Ахмедияров Facebook-та хабарлады

 

— Жақсы жаңалығым бар. БҚО мемлекеттік кірістер басқармасы негізсіз деп «Абырой» ҚБ-не айыппұл салу және қызметін үш айға тоқтату туралы шешімінің күшін жойды. Әкімшілік іс тоқтатылды. Басқарманың лауазымды тұлғалары жауапқа тартылады, — деп жазды журналист.

 

3 наурызда басқарма ұйымға 583 мың теңге айыппұл салып, қызметін үш айға тоқтатқан еді.  

 

Биыл Қазақстанда бірнеше үкіметтік емес ұйымға айыппұл салынып, қызметі тоқтатылған. Кейін бұл шешімдер алып тасталды.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

04/03/2021 17:58
44362 0

Уведомление