11 сәуірде Қырғызстанда жаңа Конституцияға қатысты референдум өтеді

Жаңа Конституция қабылданса, президент өкілеті артады


12/03/2021
12:19 39216 0

Фото: sputnik.kg

 

Қырғызстан парламенті жаңа Конституцияны қабылдау не қабылдамау туралы рефендум 11 сәуірде өтеді деп шешті. Осы күні республикада жергілікті кеңестерді сайлау өтеді. Мұны «РИА Новости» хабарлады.

 

Референдум 11 сәуірде өтсін деп 94 депутат дауыс берген, алтауы қарсы шыққан. 

 

Бұл заң жобасы қабылданса, президент өкілеті артпақ: ол екінші рет сайлауға түсе алады, министрлер кабинетінде кімдер отыратынын шешеді, ал үкіметті президент әкімшілігінің басшысы басқарады. 

 

Депутат саны 120-дан 90-ға азаяды. Президентке бағынатын, қоғамды дамытуда кеңес беретін Халық құрылтайы құрылады. 

 

Бұрын бұл заң жобасын қоғам сынға алып, Ханституция атаған.

 

10 қаңтарда елде президент сайлау мен басқару формасын таңдау өткен еді. Садыр Жапаров 79,2 % дауыс жинап, мемлекет басшысы болды, ал президент-парламенттік республика президенттік елге айналды.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

12/03/2021 12:19
39216 0

Уведомление