Жыл басынан бері Қазақстанға 1,6 миллион ресейлік келген

Соғыстан қашқан Ресей азаматтары көрші елдерге кетіп жатыр


23/09/2022
12:10 26713 0

Жыл басынан бері Қазақстанға 1,6 миллион Ресей азаматы келген. Бұл жөнінде көші-қон комитеті хабарлады. 

 

– Биыл Қазақстанға 4,3 млн шетел азаматы кірген, 4,1 млн шетел азаматы шыққан. Оның ішінде елге кірген 1,66 млн Ресей азаматы бар, 1,64 миллионы елден шыққан. Елге келген әрбір азамат туралы толық мәлімет, оның ішінде төлқұжаттарының деректері мен келу мерзімі жайлы мәлімет жинақталып, тіркеледі. Көші-қон процесіне мониторинг жүргізіледі, – деді көші-қон комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы Аслан Аталықов.

 

Статистика бойынша, жыл басынан бері 45,7 мың адам көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылған, 4,2 мыңы Қазақстаннан шығарылған. Көші-қон заңнамасын бұзғандардың 3,2 мыңы – Ресей азаматы.

 

Қазақстан заңнамасы бойынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары ел аумағында 90 күн визасыз жүре алады. 

 

Қыркүйектің 21-і күні Владимир Путин Ресейде ішінара мобилизация жариялағаннан кейін әскерге барудан қашып, көрші елдерге кеткісі келетіндердің ағыны көбейген. Әлеуметтік желілерде Қазақстан шекарасында бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі бейнеленген видеолар тараған. Шекарадан өткендер БАҚ өкілдеріне соғысқа барғысқа барып, адам өлтіруге құлықсыз екендерін айтқан. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

23/09/2022 12:10
26713 0

Уведомление