Журналистер Украинада мерт болған 12, 2 мың ресейлік сарбаздың аты-жөнін анықтады

Олардың 40-60 пайызы ғана Ресейде жерленген


24/01/2023
13:54 21866 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

«Медиазона» басылымы мен ВВС телеарнасы бірлесіп Украинада қаза тарқан 12 200 ресейлік сарбаздың аты-жөнін анықтады. 

 

Журналистер тізімді құрастыру кезінде ресейлік БАҚ, халық пен билік таратқан ақпараттарды негізге алып, ашық дереккөздерде жарияланған мәліметтерді пайдаланған. 

 

Зерттеуде өлгендердің басым көпшілігі Краснодар, Свердловск, Челябинск облыстары мен Дағыстан және Бурятиядан екені анықталған. 

 

ВВС бұған дейін, 2022 жылдың аяғында «Вагнер» жеке әскери компаниясының құрамында болған 450-ден астам сотталған адамның мерт болғанын хабарлаған. Бұндай адамдардың тізімі бөлек жасалып жатыр. Олардың саны артып жатыр дейді журналистер. 

 

Журналистер «өлгендердің 40-60 пайызы ғана Ресейде жерленген» дейді. Олар бұндай ұйғарымға Ресейдегі 60-тан астам елді-мекендігі бейіттерді зерттегеннен кейін келген. 

 

Зерттеушілер Ресей Украинаға басып кіргелі бері 24 мың азаматынан айырылған деген қорытынды жасаған. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

24/01/2023 13:54
21866 0

Уведомление