Журналист Думан Мұхаммедкәрім тағы да қамалды

Ол 26 мамырда ғана бостандыққа шыққан


29/05/2023
10:22 11229 0

28 мамырда Қонаев соты журналист Думан Мұхаммедкәрімді «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» (488-бап, 12-бөлігі) деген айыппен 25 тәулікке қамады. Ол өзін заңсыз ұстағанына наразылық білдіріп, аштық жариялаған. 

Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, әкімшілік іс журналист қамауда отырған кезде – 6 және 15 мамырда «Ne deidi» YouTube-арнасында жарияланған видеоға байланысты қозғалған. Онда журналист «үйде отырмаңдар, өз құқықтарыңды қорғаңдар» деп айтқан.

– Біз сотты офлайн өткізуді талап еттік. Бірақ сот құлақ асқан жоқ. Думанға ешқандай хабар берілмеген. Шақыру бермеген. Қылмыскер сияқты дүкен алдынан көлікке күштеп отырғызып, ұстап алып кеткен. Бұл заңсыз. Сотты осыны да айттық. Бірақ ескерілген жоқ, – деді адвокат.

Думан Мұхаммедкәрімді полиция жексенбі күні Ащыбұлақтағы дүкен алдынан ұстап алып кеткен. Ол наурызда өткен парламент сайлауынан бері үшінші рет 25 тәулікке қамалып отыр. Соңғы рет мамырда қамалып, 26 мамырда ғана бостандыққа шыққан. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

29/05/2023 10:22
11229 0

Уведомление