Жемқорлықпен күрескен шенеунік «жемқорлық» айыбымен ұсталды
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды
Фото: KAZPRAVDA.KZ
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев жемқорлық айыбымен ұсталды. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
– 9 қаңтарда жемқорлық күдігімен ұлттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау органының бұрынғы лауазымды қызметкері М Қожабаевты ұстады, – делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
ҰҚК мәліметінше, тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.
Мақсат Қожабаев 2021 жылы шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалған. 2022 жылдың сәуірінде қызметінен босатылған.
Пікірлер жоқ.