Жас сайлаушылар лигасы: Парламентке үш емес, бес партия өтті

Сонымен бірге тәуелсіз бақылаушылар 168 заң бұзу фактісін тіркеген


13/01/2021
13:33 46090 0

Фото: vibory.watch сайтынан скрин

 

Жас сайлаушылар лигасы бақылаушыларының есебінше, парламентке үш емес, бес партия өткен. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды. 

 

Тәуелсіз бақылаушылардың мәлімдемесіне қарағанда, партиялар сайлауда мынадай дауыс жинаған: 

 

      • ADAL — 12,8 %;
      • Nur Otan — 48,3 %;
      • Ақ жол — 20,1 %;
      • Ауыл — 8,33 %;
      • Қазақстанның халық партиясы — 8,9%;
      • Бүлдірілген бюллетендер — 3,8 %. 

 

Қазақстанда парламентке өту үшін партия 7 % дауыс жинауы керек.

 

Лига бақылаушылары 181 учаскеде сайлау процесін бақылаған. Оның тек 109-нан қорытынды протокол алған. Сонымен бірге олар барлығы 168 заң бұзу фактісін тіркеген. 

 

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау 10 қаңтарда өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесіне сенсек, парламенттің төменгі палатасына үш партия — Nur Otan, «Ақ жол», Қазақстаның халық партиясы өткен. Бұл партиялар Мәжілістің бұрынғы шақырылымында да болды. 


Парламент деген не, оның қызметі қандай, сайлау қалай өтеді, елде қандай партиялар бар — мына сілтемеден оқыңыз.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

13/01/2021 13:33
46090 0

Уведомление