Жаппай тәртіпсіздікке шақырғандар қатаң жазаланатын болады
Қаңтар оқиғасына қатысушылар негізінен осы баптар бойынша сотталған еді
Фото: Ашық дереккөзден
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов заң күшейтіліп, мұндай қылмыстар үшін мерзімінен босату мүмкіндігі алынып тасталатынын айтты.
– Жаппай тәртіпсіздікке, оның ішінде телекоммуникациялық желіні қолданып, қылмыстық топпен бұзақалық жасауға, кісі өлтіру немесе бандитизмге шақырғандар қатаң жазаланатын болады, – деді ол.
Төмендегі баптардың жазасын күшейту қарастырылған:
· Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру (ҚК 272-бабының 1-бөлігі) – 3 жылдан 5 жылға дейін, жаппай тәртіпсіздікке қатысу (ҚК 272-бабының 2-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейін;
· Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында бұзақылық жасау (ҚК 293-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы) – 5 жылдан 7 жылға дейін;
· ҰҚТ құрамында адам өлтіру және бандитизммен айналысу бабы бойынша – мерзімінен бұрын босап шығу қарастырылмайды.
Қаңтар оқиғасынан кейін митингке қатысушылар үстінен негізінен осы баптар бойынша қылмыстық істер қозғалған.
Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 107 және 106 баптардың жаза қатаңдайды.
Пікірлер жоқ.