Жамбыл облысындағы жарылыстан тағы бір адам көз жұмды
Жалпы, осы жарылыстан 16 адам қаза тапты

Фото: tengrinews.kz
Тараз ауруханасында Жамбыл облысында 26 тамызда болған жарылыстан зардап шеккен адам көз жұмды. Мұны қорғаныс министрлігі хабарлайды.
— 2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қаласы ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндірерде жарақаттанған, №28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды.
Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы болған еді, — дейді министрліктегілер.
Бұл жарылыстан жалпы 16 адам көз жұмды.
26 тамызда Жамбыл облысында әскери бөлімде оқ-дәрі қоймасы жарылды. Сол маңдағы ауылдардың тұрғындары Тараздағы мектептерге көшірілді. Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамыз ұлт болып аза тұту күні деп жариялады. Кейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.

Пікірлер жоқ.