Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған

Қару-жарақтар Шу ауданы, Төле би ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде табылған.
Ұсталғандардан қаңтар оқиғасы кезінде облыстық ПД қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі МР-446 тапанша, 16 калибрлі аңшылық мылтық, Ф-10 жауынгерлік сынақ гранатасы, қорғаныс кеудешесі және 200 патрон тәркіленген.
Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Пікірлер жоқ.