Жаңаөзенде «Өзенэнергосервис» жұмысшылары ереуілге шықты

Олар талаптар орындалмаса, қала жарығын сөндіріп тастаймыз дейді


28/07/2021
10:41 40337 0

Фото: vlast.kz

 

Жаңаөзендегі «Өзенэнергосервис» жұмысшылары жалақыны екі есе өсіруді талап етіп ереуілге шықты. Олар талаптар орындалмаса, қаладағы жарықты сөндіріп тастаймыз дейді.

 

Жұмысшылар одан бөлек 13-жалақы, демалыс ақысын екі жалақы көлемінде беруді, зейнетақы төлемдері уақытылы түсіп тұруын, жарық қызметкерлері күні сыйақы беріп отыруды талап еткен.

 

 

Ереуілшілер жарықты сөндіруге мәжбүр екенін, бірақ емхана, перзентхана мен жедел жәрдемді жарықсыз қалдырмайтынын айтады. 

 

— Жаңаөзен тұрғындарынан жағдайымызды түсінуді өтінеміз. Талаптарымыз орынды деп ойлаймыз, — дейді жұмысшылар. 

 

Кейінгі айда Жаңаөзенде ереуіл көбейді. Жұмысшылар жалақысы мардымсыз екенін айтып, оны өсіруді талап етіп жатыр.

 

Біз бұрын жұмысшылар ереулін қалай ұйымдастыру керегін айтып бергенбіз. Оқи отырыңыз.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

28/07/2021 10:41
40337 0

Уведомление